Ақмола облысында медициналық анықтамаларды қолдан жасағандар ұсталды

Ақмола облысы Степногорск қаласының прокуратурасы медициналық анықтамаларды қолдан жасау фактілерін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала прокуратурасы кейіннен жұмысқа қабылдау немесе рұқсат құжаттарын, оның ішінде жүргізуші куәлігін алу кезінде пайдаланылған медициналық тексеруден өту туралы анықтамаларды қолдан жасау фактілерін анықтады.

Азаматтар белгілі бір ақыға "Ш" азаматтан медициналық мамандардың нақты тексеруінсіз медициналық тексеруден өткені туралы жалған анықтамалар сатып алғаны анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша "Ш" азаматына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Медициналық анықтамаларды қолдан жасау фактілерінің алды алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!