"Арамызға іріткі салғандар көп болды". Жұлдызай Дүйсенбиеваның ажырасқаны рас па?

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева "Мамский әңгіме" подкастында Желіде тараған қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса ата-енесіне емес, әулеттің үлкеніне барып келгенін, алайда оны оқырмандары басқаша түсінгенін айтты.

"Үлкен апамыз бар, ол кісі шынымен ауырып жатқан. Соның батасын алып, алдынан өткенім рас. Ол ауырып, кетіп қалайын деп жатырған адам. Мен мысалы, ол жерде ата-енеме деген сөз жазбадым, әулеттің үлкеніне бардым дедім. Мен Өмірсеріктің (жолдасы) көп туыстарын тани бермеймін. Өйткені қатты араласқан жоқпын. Жақындарын ғана білемін, алыс туыстарын біле бермеймін. Бірақ сол әже маған орамал салған екен. Ал мен оны танымаймын. Ауырып жатыр дегенін естіген кезде алдынан өтейін, бір алтынымды салайын деп барып қайттым. Соны елдер басқаша етіп жазды", - дейді ол.

Десе де, актриса отбасында "екінші бала керек" деген әңгімелер болғанын жасырмады.

"Екінші бала дүниеге келмеу деген нәрсе бізде қозғалды. "Екінші бала керек" деген кез келген отбасыда болады. Бірақ бұл жеке менің отбасымда емес, жан-жағымызда болды. Бұл кезде де менің ойым ғой. Бірінші бала болмайды деген кезде де мен "ажырасайық" дегенмін. Осы жолы да эмоцияға беріліп жазылған нәрсе еді. Бірақ ажырасқан жоқпыз. Қызымды жақсы әкеден айырғым келмейді. Өзім де мұндай жақсы жардан айырылғым келмейді. "Ұрпақсыз жүре бересің ба" деп арамызға іріткі салатындар көп", - деді актриса.

Сондай-ақ актриса күйеуіне екінші әйел алуына рұқсат бергенін айтты.

"Егер ұрпақсыз қалып бара жатырмын, екінші әйел аламын десең, мен қарсы емеспін" дедім. Бірақ жолдасым "қой, айналайын" деді. "Керек болса, мен өзім жасаймын, мен айтапасам, демек ол нәрсенің маған керегі жоқ, сен мен үшін шешпе" деді. Сондықтан біз бұл әңгімені қозғамаймыз", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз