"Күйеуім де, балаларым да қайтыс болды". Желіде теміржол вокзалын паналап жүрген қарт ана жұртты елжіретті

Желіде Алматы-1 темір жол вокзалын паналап жүрген қарт әйелдің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны қазақстандық музыкант Ілияс Сариев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, Нұржан апа 69 жаста, күйеуі, бала-шағасы қайтыс болған. Әжейдің денсаулығы да нашар, аяғы мен денесін белгісіз жара басыпты.

"Менің балам да, қызым да, күйеуім де қайтыс болған. Маған ешнәрсе керек емес", - дейді қарт ана видеода.

Алайда қарт ана блогердің көмегінен бас тартып отыр.

"Алматы 1 темір жол вокзалында бір анамыз күнделікті түнеп жүр. Ол кісінің баратын жері, яғни баспанасы жоқ. Анамызға көмектесу үшін арнайы келдік, таңертеңнен бері осында жүрміз. Бірақ анамыз қорқып қалған. Екі аяғы да жара. Омырауында да жара бар. Анамыз қатты қиналып жүр.

Анамыз 3 күн болды, көмектен бас тартып отыр. Қолдан келген барлық амалды жасадық. Жақындарынан айырылған анамызға бұл дүние қызық болмай қалған екен. үйеуінен, перзенттерінен бір уақытта айырылған анамызға өте қиын", - дейді ол.

Вокзалды паналап жүрген қар әйел тіпті әкімдіктің көмегінен де бас тартқан.

"Құрметті қазақ елі. Көпшілік "қарттар үйіне апарыңдар, көмектесіңдер" деп жазып жатыр екен. Бірақ, анамыз ешқайда бармай отыр. Көмекке әкімдіктен де адамдар келіп тұр, жан-жақтан жұрт келіп жатыр, менің қолымда пәтердің кілті тұр. Үйге де бармайды, жуындырып, басқа киім алайық десек оған да көнбейді. Қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз, бірақ анамыз көнбей отыр. "Келмеңдер, көмектерің керек емес деп ренжіп жатыр", - дейді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!