Қазақстанда барлық мектеп оқулығы цифрлық форматқа көшірілді

Қазақстанда барлық мектеп оқулықтары цифрлық форматқа көшірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің жартыжылдық қорытындысында айтылған. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы маусымға қарай Қазақстан мектептерінде интернет сапасы үш есе жақсартылды. Барлық мектеп оқулықтары цифрлық форматқа көшірілді және 11 платформада қолжетімді.

Білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыру үшін eGovMobile мобильді қосымшасында "Bilim" жаңа сервисі іске қосылды, сондай-ақ орта білім туралы аттестатты, техникалық және кәсіптік білім туралы дипломдарды қоса алғанда, электронды үкімет порталында цифрлық құжаттардың тізбесі кеңейтілді", - делінген қорытындыда. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!