Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болады?

Синоптиктер тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

СЖИ тамыз айына арналған алдын-ала есебтеуіне сәйкес және соңғы айларда жинақталған жауын-шашынды ескере отырып, атмосфераның ылғалдылық жағдайлары көбінесе нормаға жуық болады деп күтілуде, ал астық себілетін аймақтардың жеке аудандарында ылғалдану жағдайы орташа ылғалды болады деп болжанып отыр.

Атмосфералық құрғақшылық Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы аумағында күтіледі.

Тамызда бірқалыпты ылғалды жағдай күтіледі:

  • Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша, Уәлиханов аудандарында және Ғ. Мүсірепов ауданында;
  • Қостанай облысының Қарасу ауданында;
  • Ақмола облысының Зеренді, Сандықтау, Бурабай, Атбасар, Астрахан, Егіндікөл және Ерементау аудандарында және Степногроск қаласында;
  • Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железинка, Тереңкөл, Екібастұз, Шарбақты аудандарында және Павлодар қаласында;
  • Ақтөбе облысының Әйтеке би, Алға, Қарғалы және Мұғалжар аудандарында;
  • Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Алтай аудандарында.

Елдің қалған аймағында ылғалдану жағдайлары осы ай үшін қалыпты жағдай шамасында болады деп күтілуде. Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!