Әнші Нұрболат Абдуллин 33 жасында өлең шығарып тыңдармандарын таңғалдырды

Әнші Нұрболат Абдуллин 33 жасында өлең шығарып тыңдармандарын таңғалдырды
Фото: instagram.com/nurbullin/

Танымал әнші Нұрболат Абдуллиннің ақындығы да бар екен. 33 жасында өлең шығарған әнші тыңдармандарын таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жарық шамдар жұлдыздармен жарысып,

Жатыр екеу сезімдермен алысып.

Таспаладым құпиясын қаланың,

Музыканың мәуесінде қалысып.

Сыр тыңдайды сыбдырлаған қайыңдар,

Түн қойнында сөз салатын ойын бар. 

Түсімде бір көрейінші дегендер,

Сторизімді қарап кетуді қойыңдар.

Nurbullin (жасым 33-те)

шілде 24, 00:00. Сақтап ал", - деген жазба қалдырды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Осылайша Нұрболат Абдуллин өзін әнші ретінде ғана емес, ақын ретінде де танытқысы келетін сияқты. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева