"Он күн ұйықтап үйреніп қалыпты". Әбдіжаппар Әлқожа өмірдің жаңа парағын ашқанын хабарлады

Танымал асаба, шоумен Руслан Искаков жақында ғана қамаудан шыққан Әбдіжаппар Әлқожаның өмірдің жаңа парағын ашып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Он күн ұйықтап үйреніп қалыпты. Жатқан жерің жақсы болса осы ғой. Оянбайды! Хроничсекий маубастық Әбдіжаппар Әлқожаныкі", - деп әуелі досының ұйықтап жатқан суретін жариялады Руслан Искаков.

Содан кейін Әбдіжаппар Әлқожамен сауда жасап жүргенін хабарлады. 

"Жаңа образдармен жаңа өмірдің парағын ашып жатыр", - деп Әбдіжаппар Әлқожаның танымал шетелдік брендтен киім алып жатқанын мәлімдеді. 

Айта кетейік, Руслан Искаков пен Әбдіжаппар Әлқожа жазғы демалыста Түркияда демалып жатыр.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!