"Кейде жұмсақ, кейде қатты". Ерке Есмахан мінезі туралы сұраққа жауап берді

Танымал әнші Ерке Есмахан оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, мінезі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқырмандары Ерке Есмаханнан "Қатты ашуланғанда эмоцияны қалай басқарасыз?" деп сұраған. 

"Басқармаймын. Эмоциямды ішіме тықпаймын, егер ол үлкен боп жиналса ауру болуы мүмкін. Сол үшін бетке айтқанды жақсы көремін. Сол сәтте, сол жерде айтып тастаймын. Кейде жұмсақ, кейді қатты. Бірақ ешқашан асыра сілтемеймін, шындықты, өз пікірімді айтамын", - деп жазды Ерке Есмахан.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!