Ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай: тағы бір жұмысшы қаза тапты

Ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай: тағы бір жұмысшы қаза тапты

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тағы бір жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Денесінің 90 пайызын күйік шалған 1999 жылы туған науқас қайтыс болды. Марқұмның жақын туыстарына шын ниетпен көңіл айтамыз, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, бұған дейін Желіде ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің видеосы тараған еді. Сегіз жұмысшы ауыр хәлде ауруханаға түскені белгілі болды.

Кейінірек ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшының ата-анасы сұхбат берді.

Бұған дейін зардап шеккен бір науқастың қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан