Қазақстанда кейінгі 10 жылда 2 240 адам суға батып кеткен

Қазақстанда кейінгі 10 жылда 2 240 адам, оның ішінде 701 бала суға батып, қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, биыл шомылу маусымы басталғалы бері еліміздің су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Қазақстан құтқарушылары 160 адамды, оның ішінде 44 баланы құтқарды. Алайда жаз басталғалы 93 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті.

"Балалардың қайтыс болу фактілері көбінесе Атырау, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Абай облыстарында тіркелді. Негізгі себептері тыйым салынған жерлерде шомылу, балаларды қараусыз қалдыру, өз күштерін асыра бағалау және жүзе алмау. Осыған байланысты Дүниежүзілік адамдардың суға батуының алдын алу күні аталмыш өңірлердің құтқарушылары кезекті рейдке шығады", - деп хабарлады ведомство.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз