Қазақстандық әуекомпаниялар миллиондаған айыппұл арқалады

Жолаушылар құқығын бұзғаны үшін қазақстандық әуекомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы – Қарағанды бағыты бойынша рейс кідіртілген кезде қызметтерді ұсынбауға байланысты (жолаушылар қонақ үйге орналастырылмады, сонымен қатар жолаушыларды әуежайдан қонақ үйге және кері тасымалдау ұйымдастырылмады) 2024 жылғы 11 шілдеде FlyArystan әуе компаниясына қатысты ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтуралы хаттама жасалды, оған сәйкес әуе компанияға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Бұған дейін, сондай-ақ Атырау – Алматы бағыты бойынша рейсті кешіктірген кезде тиісті қызмет көрсетпегені үшін 2024 жылғы 24 маусымда SCAT әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) айыппұл салынды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!