1,3 миллион теңге: Павлодарда ТЖМ қызметкері пара алғаны үшін жұмысынан айырылды

Павлодарда ТЖМ қызметкері пара алғаны үшін жұмысынан айырылды. Оның қарамағындағы қызметкер де атқаратын лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы сотталды. 

2024 жылғы 17 маусымда Павлодар қаласының № 2 сотының үкімімен ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жалпы қамқорлығы үшін кәсіпорын басшысынан 1,3 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталған.

"Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 10-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың басшылары бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алуға тиіс.

Осыған байланысты ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жоғарыда аталған департаменттің басшысы мен оның орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!