Астанадағы жантүршігерлік төбелес: полиция қылмыстық іс қозғады

Полиция Астанадағы мектептің маңында болған төбелеске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны куәгерлер Tengrinews.kz редакциясына жіберген. Видеода екі ер адам төбелесіп, артынша үшінші адам төбелеске қосылып кеткенін көруге болады. Оқиға орнында ер адамдардан бөлек екі әйел мен бала бар. 

Астананың Полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелес шығарғандар ұсталғанын хабарлады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүріп жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!