"Өлемін деп ойладым". Танымал фотограф қауіпті ауруға шалдыққанын айтты

Танымал фотограф Асқар Бумага Тимур Балымбетовке берген сұхбатында дәрігерлер 3 жыл бұрын өзінен қауіпті аутоиммунды ауруды анықтағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Асқар Бумага бір жыл бойы емделсе де, еш нәтиже болмағанын айтты.

"Мен аутоиммунды ауруға шалдықтым. Мен ауыр жағдайда ауруханаға түстім. 1 айда 10 кг салмақ тастадым. Үйге төртінші қабатқа өздігіммен шыға алмайтын жағдайға жеттім. Өте әлсіз болдым. Мен өлемін деп ойладым. Жаңа жылға дейін жетпеймін деп ойладым. Менен бұл ауруды 3 жыл бұрын анықтады. Өте ауыр кезең болды. Бәрінен де әйеліме қатты қиын болды, ол қатты уайымдады, маған қамқор болды, жылады. Диагнозды анықтаған кезде бір жыл бойы емделдім, бірақ ештеңе көмектеспеді. Барлық жобалар, түсірілімдер және келісімдерден бас тарттық", - деді фотограф.

Ол ауруханада қалай депрессияға түсіп кеткенін байқамай қалғанын айтты.

"Кейін маған биологиялық терапия жазып берді, содан соң ғана қалпыма келе бастадым. Ауруханада жаныма дәл менікіндей диагнозбен бір адамды жатқызды. Оның жазылып келе жатырғанын көріп, менде үміт пайда болды. Ауруханада мен депрессия түсіп кеттім. Мансабымның шыңына жеткенде ештеңе істей алмай отырғанымды түсініп уайымға салынып кеттім. Оған қоса, әлеуметтік желіге кірсең, бәрі бақытты, бәрі бірдеңе істеп жатырғандай көрінеді. Ал мен болсам, ауруханада жатырмын. Мен өзімнің депрессияда екенімді білмедім. Бірақ дәрігермен сөйлесіп отырған кезде оның қағазынан менің диагнозымның қасында "терең депрессияда" деген сөзді көріп қалдым.

Бірақ құдайға шүкір, ұзақ тексерістен соң екпелер көмектесе бастады. Мен ол екпелерді әлі де аламын. Ауруханадан шыққан соң күннің астында кітап оқып далада отыру қандай бақыт екенін түсіндім", - дейді ол.

Фотограф өзіне қойылған диагноз жайлы айтып берді.

"Ішектің аутоиммунды ауруы. Оның белгілері Крон ауруына ұқсайды. Қарапайым сөзбен айтқанда менің иммунитетім ішегімді жау деп ойлап, оны жоя бастады. Ал ішек - адамның екінші миы. Ішек арқылы ағзаға барлық пайдалы элементтер түседі. Оған сенің психологиялық көңіл күйін тәуелді. Мен жеген тамақ пен дәрілер маған сіңбей шығып кетіп отырды.

Бәрі артта деп айта алмаймын. Себебі маған жазылдың деп айтпады. Бірақ осы жылы оны растайды деп ойлаймын. Себебі мен ремиссияның барлық белгісін байқап жүрмін. Мен салмақ қостым және бұрынғыша өмір сүре бастадым", - дейді Асқар.

Дәрігерлер бұл аурудың пайда болуына күйзеліс әсер еткен болуы мүмкін екенін айтқан.

"Дәрігерлер бұл ауру қатты күйзелістен соң туындауы мүмкін екенін айтты. Менің өмірімде ондай бірнеше сәт болды. Сондай-ақ бұл бұрын пайда болған, алайда "ұйқыда" болып, қандай да бір триггерден соң оянған болуы мүмкін. Біреулер ковидтан кейін пайда болуы мүмкін екенін айтты. Қосымша күйзеліс те әсер еткен болуы мүмкін. Мен бір жыл психологпен жұмыс істедім. Себебі аутоиммунды ауруларды психологпен тығыз байланыста емдейді", - дейді фотограф Асқар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз