"Әр күнім күреспен өтіп жатыр..." Танымал блогер денсаулығы туралы айтты

Танымал блогер Дәулет Мұқаев денсаулығы туралы көптің көкейінде жүрген сұраққа жауып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәулет Мұқаевқа әлеуметтік желідегі оқырманы "Денсаулығыңыз қалай, Дәулет мырза? Жақсы демалыс болсын!" деп хат жазыпты. 

Танымал блогер денсаулығына алаңдаушылық білдіріп жатқан оқырмандарына ортақ жауап берді. 

"Шүкір, бірақ әр күнім күреспен өтуде... Дұғада болайық", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Блогердің фотосуретінен оның емханада арнайы киім киіп, бетпердемен отырғанын байқауға болады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!