"Ешкімді тыңдамау керек!" Танымал актриса Дариға Бадықова жастарға кеңес берді

"Ешкімді тыңдамау керек!" Танымал актриса Дариға Бадықова жастарға кеңес берді
Фото: instagram.com/dariga_badykova/

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде жастарға жеке шекараны қорғауға қатысты кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында ғана "Таптым-ау сені 2" фильмінің түсірілімін аяқтаған актриса әлеуметтік желідегі парақшасында белсенді бола бастады. 

"Жеңілдеп отырғанымыз-ай бір тірлікті бітіріп. Енді алда қырғын тірліктер бар. Шаршамау керек. Шаршасаңдар, демек мақсаттарың жоқ. Шаршауға болмайды мүлде. Тиктокта, әлеуметтік желіде неше түрлі тренингтерді тыңдайды ғой адамдар. Жеке шекара, шаршау, тағы бірдеме дегендер бар. Ешкімді тыңдамау керек. Жеке шекараң болса, бітті ол. Өлдім дей бер. Отырасың сол жеке шекараңмен. Не өзіңе ашпайсың, не басқаға ашпайсың", - деген актриса әлеуметтік желіде ешкімнің сөзін тыңдамауға шақырды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева