Қазақстандық әншілер жаңажылдық түсірілімдерді бастап кетті

Әлі жаз айы болса да қазақстандық әнші Ayree жаңажылдық түсірілімді бастап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. 

"Бәріне сәлем! Бүгін бізде жаңажалдық түсірілім. Бүгін мені дайындаған Абай Тыныс және Макося (Мадина Жұмагереева)", - деді Ayree парақшасында. 

Абай Тыныс та желідегі парақшасында "Түсірілімді аяқтадық. Бізде қазірден Жаңа жыл" деп жазған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!