Астанада 14-қабаттан секіріп, әйелін қорқытқысы келген ер адам 15 тәулікке қамауға алынды

Астанада 14-қабаттан секірмек болған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Сот отырысы барысында азамат кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ол сондай-ақ мас болғанын және жұбайын қорқытқысы келгенін айтқан.

"Азамат мас күйінде 14 қабаттың терезінде ілулі тұрған. Балағат сөздер айтқан. Сот қаулысымен азамат 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!