ҰБТ сертификатын қолдан жасаған 10 адам анықталды

Оқу-ағарту министрлігі ҰБТ сертификаттарын қолдан жасағандар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл жалған ҰБТ сертификаттарын ұсыну деректері анықтаған. Қазіргі уақытта грант конкурсына құжаттар қабылдануда және қабылдау комиссияларына жалған сертификаттар ұсыну бойынша 10-нан астам әрекет тіркелген.

"ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес екенін ескеру маңызды. Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR коды бар. Сондай-ақ, ҰБТ сертификаты ресми құжат болып табылады және оны қолдан жасау ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мысалы, мына сертификатта QR-код ашылмайды, сондай-ақ сандар әр түрлі шрифтпен, әр түрлі көлемде жазылған", - дейді министрлік өкілдері.

Сертификаттарды қолдан жасауға тырысудың барлық жағдайы тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.

"Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ сертификаты app.testcenter.kz сайтында жеке кабинетте, certificate.testcenter.kz сайтында және eGov электрондық үкімет порталында қолжетімді. Сіздерді заң бұзушылыққа бармауға шақырамыз. Жалған құжаттарды қолдан жасау ауыр салдарға, ал шынайы еңбегіңіз бен адалдығыңыз теңдесі жоқ табыс әкелетініне сенеміз!", - дейді министрлік өкілдері. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!