Президент еңбек демалысына шықты

Президент еңбек демалысына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 тамызда еңбек демалысына шығып, бір апта демалған болатын. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2021 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болды. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!