"Жалғызбасты әйел өзін жаралы, керексіз сезінеді". Айгүл Иманбаева жан жарасы туралы айтты

Танымал актриса Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйелдердің қоғамдағы орны мен жан жарасы туралы айтып, ағынан жарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жалғыз басты әйелге еркектің күшіндей-күш, еркектің энергиясындай-энергия, кейде еркектің психологиясы да қажет болады. Әрине еркек бола алмайсың бірақ балаңды жеткізу үшін, қоғамда өзіңнің орнынды алу үшін, қажымайтын-қайрат, күш, білім керек болады және өзіңді сыйлата білу үшін мінез керек болады. Былай айтқанда әйелдік нәзік энергияңды еркектік энергияға айырбастауға тура келеді", - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сонымен қатар, Айгүл Иманбаева өзі ажырасқаннан кейін қандай оқиғаға тап болғанын, не сезінгенін де жасырмады. 

"Меніңше, біздің қоғамда жалғызбасты орын жоқ сияқты болып көрінеді. Себебі жалғызбасты әйел өз орнын, еншісін кәдімгідей тісімен, қолымен жұлып алғандай алмаса, орнын таппауы да мүмкін. Байқайсыздар ма, біздің қоғамда қазір "Мен жалғызбасты анамын, мен әкесіз бала өсіріп отырмын. Менің жағдайым жоқ" дейтіндер жиі кездеседі. Яғни жалғызбасты әйелдер өзін жаралы, керексіз сезініп жатады. Әрине, ол қатарда мен де бармын. Себебі жалғызбасты болғаннан кейін, ажырасқаннан кейін өз басымнан өткен оқиғаны айтайын. Ажырасқаннан кейін әйел ішпей-жемей жүргішке, бұзық әйелдің қатарына жатып кетеді. Автоматты түрде сені солай жатқызады. Той-томалаққа жалғыз барсаң, күйеуін тартып алып қоятындай, әйелдер күйеуін қызғанады. "Мына байғұс әлі күйеусіз жүр ма?.." деген көздерді көресің. Осындай қызық дүниелер бар. Көп әйел комплекске кіріп кетеді. Жараланған, жалғызбастымын деген қалыпқа кіре бастайды", - дейді танымал актриса. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!