Алаяқтар Динара Сәтжанның атынан халықтан көмек сұраған

Алаяқтар әлеуметтік желіде танымал журналитс, тележүргізушінің атынан топ ашып, халықтан көмек сұраған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Динара Сәтжан өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады. 

"Достарым менің! Бұл фейк! Сенбеңіздер! Әрине, мен адамдарға көмектесемін, бірақ телеграм арқылы емес!", - деп жазды ол. 

Динара Сәтжанның айтуынша, достары мен таныстарынан телеграмнан канал ашып, "көмек қорын жинап жатқаның рас па?" деген хабарлама келе бастаған. Алаяқтар телеграмнан арнайы канал ашып, Динара Сәтжанның менеджері деп бірнеше адамның байланысын қалдырып жатқан көрінеді. 

Соңғы уақытта алаяқтардың мұндай тәсілмен ақша табуы жиілеп кеткен. Жақында Төреғали Төреәлінің екі қарындасы Фариза мен Дина да алаяқтардың әрекеті турады хабарлаған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!