"Мұндай видео бірінші рет салып тұрмын" Мәдина Сәдуақасова екі күн күткен видеосын жариялады

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіде Нұрлан Қоянбаевтың туған күнінен видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мұндай видео менің парақшамда бірінші рет салынып тұр", - деп жазды әнші әлеуметтік желіде. 

Видеода Қазақстан эстрадасының жұлдыздары орысша жүргізіп жатқан туған күн кешінде жүр. 

"Нұрлан Қоянбаевтің туған күнінен екі күн күткен видео. Мобилографы өзінікі! Түсінбедім, бұл пранк па? Кім біледі?", - деп жазды Мәдина Сәдуақасова. 

Оқырмандар "Неге той орысша жүріп жатыр?", "Шиелінің жігіті туған күнін орысша тойлай ма?!" деп пікір жазып жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз