"Біреудің күнәсін арқалаушылар толып жатыр". Ерке Есмахан ерекше жазба қалдырды

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде ерекше жазба қалдырып, оқырмандарға ой салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жақсы сөз өзіңе айналып келеді.
Жақсы сөз жаныңды тыныштандырады
Жақсы сөз балаларыңның жолын ашады.
Жақсы сөз - жақсы энергия.
Жақсы сөз - жарым ырыс.
Бір жағынан, аяқ асты несібе.

Ал, әркімге жаман сөз жазып, өзінің және біреудің күнәсін арқалаушылар ғаламторда онсыз да толып жатыр. Кезінде 5k-ны адамдарды жақсылыққа шақыру үшін ойлап тапқанмын. Сол үшін комментте 3 рет 5k бар", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Ерке Есмахан бұрыннан бері әлеуметтік желіде оқырмандары арасында 5 мың теңге ойнатып тұрады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!