"Қуанышымда шек жоқ". Абай Бегей көпшіліктен сүйінші сұрады

Әнші Абай Бегей оқырмандарынан сүйінші сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол ұлының тұңғышы өмірге келіп, ата атанғанын айтты.

"Сүйінші! Аллаға сансыз шүкір! Бүгін мен АТА болып жатырмын! Жалғас баламның тұңғышы өмірге келіп қуанышымда шек жоқ. Баршаңызға жұғысты болсын!", - деп жазды әнші.

Әншінің оқырмандары құтты болсын айтып жатыр:

  • "Бір АЛЛА жар болсын! Бауы берік болсын! Салиқалы, иманды, білімді ұрпақтардан болсын. Бізге де жұғысты болсын";
  • "Бауы берык болсын! Ғұмыр жасы ұзақ, ата-анасынын көз-қуаныштары болсын;
  • "Бәрекелді Абеке бауы берік болсын".

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!