Павлодар облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Павлодар облысындағы тасжолда екі адам көз жұмды. Жол апаты Заңғар ауылынан төрт шақырым қашықтықта болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақыру 22 шілде күні сағат 01:17-де түскен. Тасжолда жеңіл автокөлік фурамен соқтығысқан. 

"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 12 минутта жетті. Салдарынан екі адам қаза тапты, үшеуі зардап шекті", - деп хабарлады станция.

56 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел ауыр жарақаттан қайтыс болған. 52 жастағы әйел №1 қалалық ауруханаға, 16 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Тағы бір 15 жасар баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!