Синоптиктер алдағы күндері қай өңірлерде жаңбыр толассыз жауатынын айтты

Синоптиктер алдағы күндері қай өңірлерде жаңбыр толассыз жауатынын айтты
Фото: depositphotos.com

Синоптиктер алдағы күндері жаңбыр толассыз жауатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде төмен атмосфералық қысыммен жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, ал қатты жаңбыр, бұршақ солтүстік-батыста, солтүстікте, 24-25 шілдеде батыста, 25 шілдеде орталығында күтіледі.

Күндіз ауа температурасы еліміздің шығысында +30+35℃ дейін, оңтүстігінде +38+43℃ дейін, оңтүстік-шығысында +31+37℃ дейін жоғарылауы болжанады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина