Ақтаудың бірнеше ауданында уақытша су болмайды

Ақтаудың коммуналдық қызметтері электр және сумен жабдықтаудағы жоспарлы үзілістер туралы мәлімет ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін, 22 шілдеде "АЭЖБ" МКК қала бойынша жоспарлы алдын алу жұмыстары жоспарланбағанын мәлімдеді. "Каспий жылу, су арнасы" МКК сумен жабдықтауда уақытша үзілістер болатынын хабарлады.

Бүгін үш шағынауданда ауыз су болмайды.

  • 30-ықшамаудан, 168-үйде су құбыры жарылып, су өшірілген. Сумен жабдықтауды қалпына келтіру уақыты 17:00.
  • 11-ші шағынауданда, № 6 және 7 үйлерде жөндеу жұмыстарына байланысты су өшірілді. Сумен жабдықтауды қалпына келтіру уақыты - 17:00.
  • 2-шағынауданда № 42, 43, 44, 45, 46, 47, 58, 59, 60, 61, 64, 69, 70, 71, 72 үйлер ауыз сусыз қалды. Сумен жабдықтау шамамен 15: 00-ге дейін қалпына келтірілуі керек.

Ақтау тұрғындары электр қуаты өшіп қалған жағдайда 57-12-08 телефонына хабарласа алады.

"Каспий жылу, су арнасы" МКК-ның жедел-диспетчерлік қызметімен мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 60-53-18 және 60-53-16.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!