Ақмола облысында ПВА желімі төгіліп кеткен тасжолдағы қозғалыс қалпына келтірілді

Ақмола облысында ПВА желімі төгіліп кеткен тасжолдағы қозғалыс қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

21 шілдеде сағат 09:00 шамасында Ақмола облысы "Астана-Петропавл" автожолының 135 шақырымында "Вольво" жүк автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол білеуіне соғысып, аударылып кеткен.

Жол апаты салдарынан көліктегі ПВА желімі жол жиегіне екі бағытта төгілді.

"ҚАЖСервис" филиал мамандары жүк көлікті көтеріп, оқиға салдарын жоюмен айналысып жатыр.

Жол қозғалысы қалпына келтірілді.

Еске салайық, Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.

"21 шілдеде Астана-Петропавл автожолында бояу тасымалдаған VOLVO маркалы жүк көлігі аударылды. Қазіргі уақытта жол қызметтері жол төсемінен бояуды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жол қозғалысы шектеулі", - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!