- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында әуе...
Ақмола облысында әуе кемесі апатқа ұшырады
Фото:
ТЖМ
21 шілдеде сағат 18.54-те Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Көлік министрлігі істің мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрлік мәліметінше, ұшақтан өрт шыққан. Бортта ұшқыш болды. Әуе кемесі "Бүркіт-Авиа" ЖШС-не тиесілі.
Оқиға орнында Ақмола облысы ТЖД күштері жұмылдырылды, өрт оқшауланды, алдын ала ақпарат бойынша адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.
Осы оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрады. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина