"Шындықты шырылдатар шыншыл ақын". Халық Ринат Зайытовқа су жаңа көлік сыйлады

Ақсуат халқы спорт және өнер фестивалінде ақын Ринат Зайытовқа көлік мінгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

"Асыл бесік - Ақсуат" спорт және өнер фестивалінде Ақсуат жұрты арда ұлға құрмет көрсетіп, астына көлік мінгізді", - деп жазды кәсіпкер. 

"Қазақты қазақ көтермелемесе, басқа кім көтереді? Жарайсыздар", "Көре алмай, анау-мынау әңгіме айтпаңдаршы, әрбір қазақ ер азаматы лайық темір тұлпарға", "Шындықты шырылдатар шыншыл ақын!" деген оқырмандардың жылы пікірі мен құттықтаулары толассыз келіп жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!