Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апаттан кейін қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысында YDD Corporation ферроқорытпа зауытында кенеттен жалын атқылау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 2-бөлігі Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бойынша қозғалды.

"Қазіргі уақытта тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән жайы анықталады", - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, Желіде ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің видеосы тараған болатын. Кейінірек төтенше жағдайға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды.

Ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмыскердің ата-анасы сұхбат берді. Сондай-ақ, зардап шеккендерді емдеуге шетелден дәрігерлер келеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!