Желіде ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің видеосы тарады

Желіде Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының жұмысшылары жалыннан күйіп, зардап шеккендерді эвакуациялау видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін күйген адамдар ауруханаға жеткізіліп жатқаны көрінеді. Олардың қатты зардап шеккенін және шок алғанын байқауға болады.

Кешегі апат салдарынан барлығы 8 қызметкер ауруханаға жатқызылды, оның 6-ы реанимацияда, оның ішінде бесеуі өте ауыр жағдайда.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!