Димаш Құдайберген Дүниежүзілік көшпенділер ойынында өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген Дүниежүзілік көшпенділер ойынында өнер көрсетеді
Фото: instagram.com

Күзде Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынын Димаш Құдайберген қорытындылайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесінің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына" дайындық басталып кетті. Бұйыртса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар....
Келеді барлық әлем Астанаға,
Қонады Астанаға барша құстар!" деген әнімізбен баршаңызды күтеміз!" - деп жазды ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә