Семейде 9 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кетті

Семейде 9 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай облысы Полиция департаменті облыс орталығының тұрғындарына 2024 жылдың 19 шілдесінде сағат 12:00 шамасында Семей қаласындағы Театральная көшесі 11 үй мекен-жайынан белгісіз бағытта шыққан және қазіргі уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз, хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған Алинұр Маненовті іздестіруге жәрдемдесу туралы өтініш жасайды.

Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 135-140 сантиметр арық денелі.

Киген киімі: қара қалпақ, қызыл футболка, күрең түсті шорттар, қара және жасыл түсті кроссовкалар.

Егер сіз фотосуреттегі ұл баланың орналасқан жерін білсеңіз, 102 телефон арқылы хабарлау сұралады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!