Маңғыстау облысында Ираннан Қазақстанға есірткі тасымалдаған екі шетелдік сотталды

Маңғыстау облысында Ираннан Қазақстанға есірткі тасымалдаған екі шетелдік сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облысы ҚІЖМА сотымен екі шетел азаматтарына қатысты адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, тасымалдап, сақтаған деп айыпталған қылмыстық ісі қаралды (ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігі, 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтары).

Сотта не анықталды?

Сотталушылар қасақана, пайдақорлық ниетпен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса iрi мөлшерде есірткі, не сол тектес психотроптық заттарды контрабандалық жолменен Ираннан Қазақстан аумағында өткізу мақсатында, мемлекеттiк шекара арқылы, заңсыз өткізу туралы шешім қабылдаған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде сотталушылардан героин (109,34 гр.), метамфетамин (4,48 гр.), опий (23,56 гр.) и метадон (8,70 гр) есірткі және психотроптық заттары табылып алынған.
Сотталушылардың кінәсі олардың мойындау туралы жауаптарымен қатар, куәлердың берген айғақтарымен, заттай дәлелдемелер мен істің басқада материалдарымен дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы:

Прокурор соттан сотталушылардың әрқайсысына 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындауды сұрады. Сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінді.

Сот үкімі:

Сот, сотталушыларға жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайға: кінәні толық мойындап, шын ниетпен өкінулерін ескеріп, ал ауырлататын мән-жайларды таппаған.

Сотталушылар ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігімен, 297-бабының 3-бөлігінің 1,3)- тармақтарымен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!