ТЖМ құтқарушылары Жетісу облысында балаға көмекке келді

ТЖМ құтқарушылары Жетісу облысында балаға көмекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Алакөл көлі жағалауында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туылған қыз бала демалыс аймағының аумағынан өз бетінше шығып, адасып кетті.

Құтқарушылар партрульдеу кезінде баланы көлдің жағалауында тауып, оны ата-аналарына табыстады. Бала медициналық көмекке мұқтаж емес.

ТЖМ ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды, өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз