Каспий жағалауындағы жыландар ордасы видеоға түсіп қалған

Ақтау тұрғындары Каспий теңізінің жағасында топырлаған су жыландары видеоға түсіп қалды. Бұл видео желі қолданушыларының түрлі реакциясын тудырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Instagram-дағы aqtau live парақшасында жарияланған. Онда аптап ыстықтан көлеңкеде жасырынуға тырысқан ондаған жылан түсірілген.

"Жыландар ордасы", - деп жазған автор.

Видеоға Желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр, кейбірі бұл тіршілік иелерінен қорқатынын айтса, енді біреулері жыландардың көзін құрту керек екенін айтып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!