"Ажырасамын, ажырасамын, ажырасамын!" Дубайда Instagram арқылы ажырасу дерегі тіркелді

Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі Мухаммед бен Рашид әл Мактумның қызы Махра күйеуімен әлеуметтік желі арқылы ажырасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Құрметті күйеуім, сенің басқа компаньоннан қолың тимей жатқанына байланысты сенімен ажырасатынымды хабарлаймын. Ажырасамын, ажырасамын, ажырасамын. Өзіңді күт. Сенің бұрынғы әйелің", - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқырмандар ажырасудың мұсылмандық дәстүрге сай орындалғанын жазып жатыр. Әдетте үш рет талақ ету арқылы ажырасуға болады. Махраның жазбасына қарағанда күйеуі оның көзіне шөп салған көрінеді. 

 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!