Жігер Ауыпбаев Қайрат Нұртастың оқиғасы туралы: "Тоқылдақтар" жігіттік сипаттан кеткен

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев өнердегі досы Қайрат Нұртастың қамалуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жігіттердің арасында "тоқылдақ" деген атты жігіттік сипаттан кеткен адамға тағатын еді. Еңгезердей жігіттің болмайтын әңгімеге бола "заявление" жазып 15 суткаға қаматып жібергені…
ұяяят енді. Жігітше екеуара шешсе де болар еді ғой. Қайрош досым! Еш мойыма. Ер жігіттің басына не келіп не кетпейді?!", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сонымен қатар, Жігер Ауыпбаев Қайрат Нұртастың ақкөңілдігін пайдаланып, өз пайдасын ойлап жүргендерге жем болатынына қамығатынын білдірген.

"Сен өте ақ көңіл жансың ғой. Ақкөңілділігіңді пайдаланып сенің кең құшағыңа білдірмей кіріп алып өз пайдасын ойлап жүргендер бұл өмірде болмаса да ақыретте жауап берер. Сатқындық. Сен еркексің", - деген жазба қалдырды ол досы Қайрат Нұртаспен бірге түскен суретін желіде жариялап. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!