Астана тұрғыны 1,2 миллион теңгесін қоғамдық көлікте қалдырып кеткен

Астана тұрғыны 1 миллион 200 мың теңгесін қоғамдық көлікте ұмытып кете жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Күндізгі уақытта Астана тұрғыны абайсызда автобуста бір сөмке ақшаны ұмытып кеткенін байқап, 102 арнасына хабарлаған", - делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Байқоңыр аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бағыт пен автобус жүргізушісін анықтап, 1 миллион 200 мың теңге ақшаны тауып, иесіне тапсырған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!