"Әр спортшы модель бола алады, бірақ модель спортшы бола алмайды". Сабина Алтынбекова спорттан кете ме?

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың топ-модель ретінде жиі бой көрсетуі оның спорттағы мансабына алаңдаушылық туғызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық волейболшы, Қазақстан Республикасы волейболдан әйелдер құрамасының мүшесі Сабина Алтынбекова өзін спортшы ғана емес, модель ретінде көрсетіп жүр.

"Менің ойымша, әрбір кәсіби волейболшы жақсы топ-модель бола алады", - деген жазба жариялады ол кезекті түсірілімнің видеосын жариялап. 

"Дұрыс айтасың, әр спортшы модель бола алады, бірақ модель спортшы бола алмайды", "Ең әдемі спортшы қыз", "Модель болып кетсеңізші", "Маңызды көзқарас қой, допқа да осылай қарайсың ба?" деген пікір қалдырып жатыр спортшының әлеуметтік желідегі оқырмандары.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!