Алакөл жағасында екі бала жоғалып кетті

Алакөл жағасында екі бала жоғалып кетті. Оқиғаның мән-жайын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Бүгін Алакөл жағалауында ересектердің қарауынсыз қалған 2017 және 2018 жылы туған екі бала демалыс орны аумағынан өз бетінше шығып кетіп, адасып кеткен", - делінген хабарламада.

Жедел іздестіру шаралары кезінде демалыс аймағынан 1,5 шақырым жердегі көл жағасынан бір ұл мен қыз табылды. Олар ата-аналарына тапсырылды.

Ведомство ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз