"Оқырмандарымның сенімі маңызды". Фариза Төреәлі алаяқтыққа қатысты жауап берді

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі әлеуметтік желіде қайырымдылық үшін жинаған қаражатының есебін берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, жақында блогердің атынан алаяқтар жарнама жасағаны белгілі болған еді. 

"Айтпақшы ұмытпай тұрғанда отчет салып қояйын. Екі күн бұрын папам Төреәлі Төлепов сбордағы қаражатты емге аударды. Алла шипасын берсін. Қазір чек көрсетемін", - деп жазды Фариза Төреәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

"Сбор менің каспиыма емес, жұмыс счетыма жасалған соң оның салығын төлеу керек. Заңды түрде салықты төледік, қалған сумманы толықтай аударды папам. Енді бұйырса операция болады, химия алады. Оны да салып отырамын. Дертінен айықты деген сторис салуды бұйыртсын Аллам. Отчетты ешкім сұрап жатқан жоқ, оқырмандарымның сенімі дегеен. Бір адам жазбады ғой тіпті. Бірақ сонда да бәрін саламыз", - деген блогер чектің суретін салып, оқырмандарына есеп берді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!