Атырауда "Мұнайшы" бассейніндегі қыздың өлімінің жай-жапсары белгілі болды

Сот-медициналық сараптама 10 жастағы оқушы қыздың бассейнде шомылу кезінде өліміне не себеп болғанын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Сот-медициналық сараптама қыздың өкпесінде су табылмағанын, оның өліміне жүрегінің тоқтап қалуы себеп болғанын анықтады.

"Мұнайшы" орталық жүзу бассейні жанындағы су спорты клубы директорының орынбасары Ернұр Қойлиевтің айтуынша, спорт кешенінде құтқарушылар болғанымен, үлкендермен келген балаларды үнемі қадағаламаған. Сол күні бойжеткен екі кәмелетке толған туыстарымен және тағы бір кәмелеттік жасқа толмаған балаларымен келген. Кішкентай қыздың туысы душқа барғанда, ол қараусыз қалып, жүзу үшін пайдаланатын тақтайдан айырылып қалған.

Еске салайық, өткен жексенбіде бір бала бассейнге батып кеткен еді. Мұны Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!