Антикор қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Антикор қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және басқа да байланыс арналары) арқылы жалған аккаунттар ашып және агенттік басшылығы мен орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, жалған ақпарат жіберіп жатқандардың алаяқтық әрекеттер туралы хабарлады.

"Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Ведомство сонымен бірге аталған хабарламаларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды да ескертті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!