Павлодарлық жасөспірім саябақта сыра ішкен

Ювеналды полицияның қызметкерлері жазғы демалыс кезінде балалар немен айналысатынын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында екі күн ішінде облыс орталығының көшелерінде кәмелетке толмаған бала 38 ұсталған. Оның ішінде бір жасөспірім мас күйінде болған. 

"Мәселен, 14 жастағы жасөспірім кешкі уақытта Астана - Толстой көшелерінің қиылысындағы саябақта сыра ішкен. Түнгі уақытта сағат 23.00-ден кейін орталық жағалауда кәмелетке толмаған сегіз бала заңды өкілдерісіз жалғыз жүрген. Аталған бұзушылықтар үшін барлық заңды өкілдер жауапқа тартылды", - деді Павлодар қаласы  полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Дүйсекенов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!