Алматының Әуезов ауданында 14 мыңға жуық бала тегін шығармашылық және спорттық біліммен қамтылған

Алматының Әуезов ауданында 14 мыңға жуық бала тегін шығармашылық және спорттық біліммен қамтылған. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Сұрақ: Бюджетке және «Даму бала» бағдарламасы бойынша қосымша шығармашылық және спорттық білім беруді дамытуға қатысты

Жауап: Қазір ауданда 14 мыңға жуық ваучер белсенді (қамту – 13 452). 2024 жылға 3,1 млрд теңге бөлінді, 6 айда 2 млрд теңге игерілді, қалғаны 1,1 млрд теңге. Биыл жыл соңына дейін толық игеру жоспарланып отыр.

Анықтама үшін: 2023 жылдың сәуір айында орталықсыздандыру аясында аудандық әкімдіктерге «Даму бала» бағдарламасы бойынша мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты іске асыру тапсырылды. Әуезов ауданына 2023 жылы 13 мың баланы қамту үшін 9 айға 2,5 млрд теңге (шығармашылық тапсырыс – 1,2 млрд теңге, спорттық тапсырыс – 1,3 млрд теңге) бөлінді. Сонымен қатар, 2023 жылы бюджет қаражатын үнемдеуді игеру мақсатында 5 мың балаға ваучер берілді. 2023 жылдың соңында 18 мың белсенді ваучер болды, осыған байланысты балаларды «Даму бала» бағдарламасымен қамту үшін 2024 жылы 4,8 млрд теңгеге бюджеттік өтінім берілді, оның ішінде 13 мың балаға 3,1 млрд теңгеге қолдау көрсетілді.

Алматы қаласының әкімдігі ұсынған материал

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!