Семейде баланы өлтіріп, денесін сөмкеге салып, дәретханаға тастап кеткен адам сотталды

Семейде баланы өлтіріп, денесін сөмкеге салып, дәретханаға тастап кеткен ер адам өмір бойына сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сотта не анықталды?

38 жастағы ер адам өз үйінде кішкентай балалардың алдында киімсіз, мас күйде жүріп, 9 жасар қызына қатысты сексуалдық сипаттағы азғындық әрекеттер жасаған.

Сот мәліметінше, кішкентай бала айыпталушы ер адамның үйінде жүрген. Ал әйелі сол баланың күтушісі болған. Ер адам 4 жасар баланы физикалық және моральдық тұрғыдан азаптаған. Баланың анасы жұмысқа кеткен уақытта оны күтуші әйелдің үйіне қалдырған.

Кішкентай бала ер адамға ұнамаған көрінеді. Бірде баланы өлтіру үшін ол оны бірнеше рет ұрған. Салдарынан бала алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Ер адам кішкентай бала өлгенін күтіп, ешқандай көмек көрсетпеген. Осы әрекеттерінен кейін баланың денесін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың шұңқырына тастап кеткен.
Ер адамның жұбайы бала үйде болған уақытта оны қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолданбаған.

Тараптардың ұстанымы

Прокурор ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Ауырлататын факторлардың жоқтығын және жас балалар түріндегі жеңілдететін жағдайлардың болуын ескере отырып, прокурор әйелге 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
141-баптың 2-бөлігінің санкциясымен баламалы жаза қарастырылған: бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде.
Ер адам азаптау бабымен кінәні толығымен мойындады, қалған айыптардан бас тартты. Ал күтуші әйел өз кінәсін толық мойындады.

Іс бойынша сот қабылдаған шешім

Сот айыпталушыны балаға қатысты азғындық, азаптау және кісі өлтіру әрекеттері үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сотталған күтуші әйел балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдар мен педагогикалық лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыруға жазаланды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!