Бес баланың анасын питон жұтып қойған

Индонезиядағы Оңтүстік Сулавесиде 30 жастағы бес баланың анасы питонның аузынан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Mirror басылымы мәліметінше, Сирати есімді әйел көрші елді мекендегі ағасына қонаққа жалғыз кеткен, оның жолы джунгли арқылы өтеді. Ол туыстарының үйіне жетпегендіктен, күйеуі дабыл қаққан. Біраз уақыттан кейін ол әйелін іздеуге шығады.

Ер адам әйелі жүрген жолмен шығып, оның аяқ киімін тауып алған. Сәл ары қарай жүргенде ер адам әйелін жұтып жатқан үлкен питонды байқайды. Жыланның аузынан Сириатидің аяқтары ғана шығып тұрған. Ер адам питонды өлтіріп, әйелін суырып алған, бірақ ол қайтыс болып кеткен.

Бұл Индонезияда адам питонға жем болған алғашқы оқиға емес. Биыл маусымда Индонезияның Калемпанг ауылында тұратын әйел із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Біраз уақыттан кейін оның денесі питонның ішінен шығарылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз